Кеңестің кезекті отырысы өтті

799

0

Бүгін Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің екінші тоқсандағы отырысы өтті. Отырыста облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Қуаныш Өтегеновтың «Аймақтағы құрылыс саясаты бағытында 2022 жылы атқарылатын міндеттер, проблемалық мәселелер» тақырыбындағы ақпараты тыңдалды.

Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметкерге құрылыс саласы бойынша атқарған жұмыстарына ұсыныс-пікірлерін айтып, сұрақтарын қойды. Кеңес отырысында айтылған ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар хаттамаға енгізіліп, тиісті атқарушы ұйымның назарға алуына жолданатын болады.

<strong>Кеңестің кезекті отырысы өтті</strong>

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<