Логопедиялық массаж бойынша білім алушыларға мастер-класс өтті

684

0

Фото: «Болашақ» институты

Кеше «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы «Логопедиялық массаж балалардың сөйлеу бұзылысын түзетудің тиімді әдісі» тақырыбында мастер-класс өткізді.

Мастер класс барысында студенттерге массаждың түрлері, массажды орындаудың техникасы және қарсы көрсетілімдері жайында айтылды. Сонымен қатар, студенттер массаждың физиологиялық ықпалымен танысып, тәжірибе барысында логомассаж және нүктелік массажды орындады.

Жалпы массаж – тері қабаты мен түтікшелеріне әсер етіп қоймай, орталық жүйке жүйесіне өз ықпалын тигізеді. Орталық жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, қатып қалған рефлекстерді оятады. Ал логопедиялық массаж – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің, жүйкелерінің, қан тамырлары мен тілдерінің жағдайын өзгертетін механикалық әсер етудің белсенді әдісі болып табылады. Қазіргі кезде сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалар саны жиілеуде. Осы бұзылыстарды түзетуде логопедиялық массаждың тигізетін әсері орасан зор болып табылады.

Аталмыш шараны педагогика ғылымдарының магистрі, әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының мүшесі А. Бақытбайқызы өткізді.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<