Масаны улауға 130 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді

920

0

Масаны улауға 130 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл шаһар бюджетінен масаға қарсы дезинсекциялық жұмысқа 129 млн 995 мың теңге бөлініп отыр.

«Қаңтарда масаға қарсы дезинсекциялық жұмысты жүргізуге тендерлік конкурс жарияланған еді. Алайда, қатысушылардың құжаттарына байланысты конкурс сәуір айына ауыстырылды. Жақында тендер нәтижесі шығады. Ал, мамыр айының басында дезинсекциялық жұмыс басталады. Бірақ, сәуірде қаланың кейбір бөліктерінде демеушілік көмекпен масаға қарсы роторлы бүріккішпен улау қолға алынды», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<