Облыс әкімі «Қазақстан халқына» қорының төраға орынбасарымен кездесті

282

0

Сурет: Қызылорда облысының әкімдігі парақшасынан

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаевамен кездесіп, Сыр өңірінде қор жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды талқылады.

«Облыста 2022 жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз жұмыс жасалуда. Денсаулық сақтау және білім салаларында көптеген жоба қаржыландырылды. Бағасы қолжетімсіз дәрі-дәрмек алу, қажетті ем қабылдау, мектептерді жабдықтау қор демеушілігімен жүзеге асты. Алдағы 2024 жылға Қызылорда облысынан құны 12,1 млрд.теңгені құрайтын 94 жоба қоғамдық қор  қарауына ұсынылды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласынан құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 13, білім беру саласынан құны 2 млрд.теңгені құрайтын 19, әлеуметтік саладан құны 1,1 млрд.теңгені құрайтын 44, мәдениет және спорт саласынан құны 1,4 млрд.теңгені құрайтын 18 жоба бар. Ұсынылған жобаларымыз қолдау табады деп сенеміз», – деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Ләззат Шыңғысбаева тиімді әріптестік орнатуға, өңірге қажетті жобаларды қолдауға ниет білдірді.

Биыл облыста 2 млрд.теңгеден асатын 8 жоба қор арқылы қаржыландырылуда. Атап айтқанда, «Жаздық жолдама» жобасы аясында әлеуметтік осал топтағы 600 балаға тынығу лагеріне жолдама берілді.  «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының екінші кезеңі, «Арнайы мектептерді жарақтандыру» жобасы қолға алынды.

Қор аутизмі және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталықтарды жабдықтауға, сенсорлық бөлме орнатуға, орфандық аурулары бар пациенттерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге қолдау көрсетті. «QН Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы де жемісті болды. Қызылорда облыстық онкологиялық орталығына жылжымалы медициналық кешен сатып алынып және жеткізіліп, шалғай аудандарда халық онкологиялық скринингпен, профилактикалық тексерумен қамтылды. Медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандарын шетелде оқыту, шала туған нәрестелерге офтальмологиялық скрининг жасайтын және емдейтін жабдықтармен қамтамасыз ету жобалары  жүзеге асырылуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<