Қазақстандықтар қымбатшылыққа байланысты ет пен жеміс-жидектен бас тарта бастады.

141

0

Фото: қала әкімдігі

Бюро DEMOSCOPE жүргізген жедел әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, азаматтардың 74,7%-ы соңғы алты айда азық-түлік бағасының күрт өсуіне алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды syrboyi.kz.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы бір жылда азық-түлік тауарларының бағасы 11,7%-ға өскен. Сонымен қатар, қазақстандық отбасылардың жалпы шығысының 50,6%-ы тамаққа жұмсалады.

Тұтыну әдеттеріндегі өзгерістер:

  • 62% – ет өнімдерін сирек сатып алатын болған;
  • 24,5% – көкөніс пен жеміс-жидекке үнемдейді;
  • 20,5% – балық тұтынуды азайтқан;
  • 16,9% – сүт өнімдерін сирек алады;
  • 12,1% – нан және ұн өнімдерін азайта бастаған;
  • 11,2% – шұжық өнімдерінен бас тартуда;
  • 10,9% – тәттілер мен сусындарға аз қаражат жұмсайды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл үрдіс халық табысының төмендеуі мен инфляцияның өсуімен байланысты. Ұзақ мерзімде бұл жағдай азаматтардың тамақтану сапасына және денсаулығына әсер етуі мүмкін.