Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады

560

0

Сурет: pixabay

3 қарашада Астанада және еліміздің 10 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада түнде және таңертең тұман болады. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыстан, облыстың солтүстігінен соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде облыстың шығысында оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<