«Qnet» қаржы пирамидасымен айналысқандар  сотталды

183

0

Фото: Қазақпарат

Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің ұйымдастырған ағайынды екі азамат 5 жыл мерзімге сотталды.

Олар құрылымдық бөлімшені облыс аумағында 2020-2021 жылдар аралығында құрған. Ағайындылар желілік маркетинг өнімдерін тарату дағдысымен, Қазақстандағы маркетинг бойынша қалыптасқан жағдайды меңгеріп, еліміздің аумағында тыйым салынған қаржылық пирамида саласындағы заңсыз қызмет пен ұйым туралы анық дәйекті біле тұра, аса ірі көлемде азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға бағытталған алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған жеке және немесе заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүліктерін не оған құқықты тартудан кіріс алу қызметін, қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және басқа қатысушылардың жарналары есебінен кейбір қатысушыларды байыту жолымен ұйымдастырып отырған.

Бүгінде аталған қаржы пирамидасынан 40 салымшы зардап шеккен. Шығын көлемі 53 млн теңгені құрайды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға  толық қайтарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<