Қоғамдық штаб жұмысын бастады

1149

0

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда универститетінде референдум бойынша құрылған қоғамдық штабтың кеңес мүшелері алда атқаратын жұмыстары туралы баспасөз брифингін өткізді.

Қоғамдық штаб жетекшісі болып бекітілген Жандос Базартай ел Президентінің референдум өткізу идеясын қолдауға шақырды.

– Бүгін құрылған қоғамдық штабқа 20-ға жуық әр түрлі қоғам өкілдері мүше болып қабылданып үлгерді. Олардың қатарында бүгінгі кездесуге келіп отырған қалалық мәслихат депутаты Талғат Телеубаев пен Сыр еліне белгілі жырау Берік Саймағамбетов бар. Өздеріңізге белгілі, конституциялық реформа алғаш рет халықтың тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асатын болады. Бұл қадам қазіргі саяси реформалардың маңызын айқындайды, – деді ол.

Сондай-ақ, қоғамдық штаб жетекшісі референдум саяси жүйені толық жаңғырту үшін қажет екенін атап өтті.

– Елімізді түбейгейлі жаңарту үшін бұған да жалпы халықтың қатысқаны, барша азаматтардың өзінің пікірін білдіргені ауадай қажет. Себебі, әр адам өзінің пікірін айтуға құқылы. Сондықтан баршаңызды белсене араласуға шақырамыз, – деді Талғат Телеубаев.

– Көптеген жағдайда біздің сайлау немесе басқа да науқандар елді екіге бөлетін. Енді осы тұрғыда Президенттің шешімін тарихи шешім деп айтуға болады. Себебі, халықтың өзінің болашақтағы тағдыры өзінің қолына беріліп отыр, – деді Берік Саймағамбетов.

«СБ ақпарат»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<