Қылқаламда – өмір өрнектері

636

0

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында «Караван искусства» халықаралық байқау болып өтті.

Өнерпаздар жас ерекшелігіне қарай түрлі топқа бөлінді. «Этно-АRT Дизайн» орталығының ұйымдастыруымен өткен байқауда кәсіби суретшілер мен қолданбалы шығармашылық шеберлер өзара үздікті анықтады. Аталған жарысқа қызылордалық қылқалам шеберлеріде қатысты.

Атап айтар болсақ, Сыр елінен барған жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Осы өнер бәйгесінде жерлесіміз Злиха Календарова ши тоқу өнерінен үздік атанып, Қырғызстан кубогының жеңімпазы атанды.

Қылқаламда – өмір өрнектері

Сонымен қатар Зухра Баймырзаеваға белсенді қатысқаны үшін Қырғызстан мәдениет және спорт, туризм министрінің алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар Дәрігүл Танатарова, Баян Абуова, Камилла Календарова, Роза Қоңыратбаева, Меруерт Тумабаева арнайы сертификаттарға ие болды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<