Қызылордада жасалған құрғақ қоспалар

468

0

2015 жылдан бері құрғақ құрылыс қоспасының 11 түрін, атап айтқанда кафель желімін, «R 12 PLUS» желімін, «Тамшы» және «Ақ тамшы» сәндік сылағын, «Вега-пром» құйылмалы еденін, «2в1» және «G12PLUS» гипс жабынын, «BELKOL» гипс сылағын шығарып келе жатқан «ВЕГА-Пром» ЖШС-ға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілган. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының игілігін пайдаланған цехта күніне 70 тоннадан астам өнім өндіріледі. Алдағы уақытта өндірісі өрісін кеңейтіп, 50 адамға дейін жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Заманауи озық технологияны жетілдіріп сапалы өнім шығаруды мақсат тұтқан өндіріс орны нарықтан өз орнын тапқан. Өндіріс көлемі де ауқымды, жылына 8,6 мың тонна өнім шығарады.

Серіктестік «Белкол 500», «Белкол 1000» атты өнертабыстарын  шығару үшін патенттелген өндіріс станоктарын қолданады. Бұл станоктар отандық өнім өндірушілер арасында үлкен сұранысқа ие.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметтеріне қарағанда, кәсіпорынның өнімдері өз аймағымыздан бөлек Қарағанды, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарына жеткізіледі. Сонымен қатар, «НК Құрылыс», «Дәнекер», «СМП-Қызылорда», «Өмірзақ», «Иман», «Сәт-сервис», «Интегрострой», «Абусер», «SCS Инжиниринг», «Нұртехсервис», «Промстройсервис-Е» ЖШС-тері тұрақты түрде тапсырыс береді. Жергілікті базарлар мен құрылыс дүкендері бар.

Осы уақытта жоба бастамашысы өндіріс қуаттылығын 8,6 мың тоннадан 24 мың тоннаға ұлғайту үшін екінші кезеңді жүзеге асыруды бастады. Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілген жобаның болашағынан үміт көп. Жұмыс ауқымын ұлғайту талабын қолдау шараларына да мән беріліп отыр. Ол үшін 2,9 гектар жер телімі берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<