2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум күні Қызылорда облысында 32 нәресте дүниеге келді. Бір тәулік ішінде өңірдің перзентханаларында барлығы 32 босану қабылданды. Оның ішінде 16 ұл және 16 қыз бала өмір есігін ашты.
Айта кету керек, медицина қызметкерлері жаңа туған сәбилер мен аналарға дер кезінде әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісін танытты.
Қуанышты күні дүниеге келген сәбилер – өңіріміздің жарқын болашағының белгісі.
Осы ретте сәбилі болған барлық отбасыларды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақытты ғұмыр, ал ата-аналарына қуаныш пен амандық тілейміз.






