«Робокэш.кз» МҚҰ және DeFacto FM қаржылық сауаттылық бойынша алғашқы инклюзивті тележобаны іске қосуда

114

0

Фото: Жарнама берушіден

27 желтоқсанда Қазақстан ауқымды әлеуметтік жобаның басталғанына куә болмақ. Робокэш.кз МҚҰ («Займер» бренді) қолдауымен DeFacto FM инклюзивті порталы халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне және мүгедектігі бар адамдарға бағытталған бағдарламалардың бірегей циклін іске қосады.

Әр шығарылым — бұл ақшаны басқаруға арналған қызықты әрі қолжетімді нұсқаулық. Форматтың ерекшелігі — мүгедектігі бар жүргізушілердің қатысуы, міндетті сурдоаударма және екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде хабар тарату. Бұл тәсіл жобаны мүмкіндігінше инклюзивті және барлығына қолжетімді етеді.

Әр эпизодта:

  • бюджеттің сізге қызмет етуі үшін оны қалай басқаруға,
  • стресссіз несиелерді қалай өтеуге,
  • қаржылық «қауіпсіздік жастығын» қалай жасауға,
  • және ақшамен байланысты мазасыздықты қалай жеңуге болатыны айтылады.

Жоба әр шығарылымды пайдалы әрі қызықты ету үшін білікті мамандарды біріктіреді:

  • Ақжүніс Брасилова, «№1 Қаржылық сауаттылық мектебі» Бас директоры, қаржылық тұрақтылықты нөлден бастап құруды үйретеді.
  • Надия Бөкейханова, психолог, ақша мен эмоциялардың қалай байланысты екенін және қаржылық мәселелер алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болатынын түсіндіреді.
  • Зарима Атарбаева, жеке қаржы жөніндегі сарапшы, кірістер мен шығыстарды басқару бойынша лайфхактармен бөліседі.
  • Дина Розбаевна, қаржылық кеңесші, қаржы құралдарының жұмысындағы құпияларды ашады.

Жобаның миссиясы

“Робокэш.кз” МҚҰ Бас директоры Алмаз Торутаев бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті:
«Бұл жоба — бүкіл Қазақстан үшін алға жасалған қадам. Біз білімді баршаға, оның ішінде жиі кедергілерге тап болатын жандарға қолжетімді етеміз. Қаржылық сауаттылық — бұл ережелер жиынтығы ғана емес, ол еркіндік, сенімділік және мүмкіндік. Біздің мақсатымыз — адамдарға өмірлерін жақсы арнаға өзгертуге көмектесетін құралдарды беру. Тәжірибелі сарапшылардың қатысуы және команданың шынайы ынта-жігері бұл жобаны әрбір қазақстандық үшін бірегей және маңызды етеді. Әрбір көрермен бұл білімді өзіне ыңғайлы түрде алуы үшін хабар орыс және қазақ тілдерінде таратылатыны өте маңызды».

Жобаның үлкен мақсаты бар: мыңдаған адамды қамту және оларға өз қаржысын сенімділікпен басқаруға мүмкіндік беру. «Мейірім» мүгедектер қоғамы»ҚБ басшысы ГүлвираТаубалдинова атап өткендей:

«Біз ақша — қиын деген мифті жойғымыз келеді. Екі тілдегі қысқа, бірақ ақпаратқа толы шығарылымдардың арқасында тіпті күрделі тақырыптарды қолжетімді тілмен түсіндіруге болатынын көрсетеміз. Бұл жоба бұрын қаржылық еркіндік әлемін қолжетімсіз деп санағандар үшін осы әлемге апаратын жолсерікке айналады».

Шығарылымдар апта сайын DeFacto FM YouTube арнасында шығады.

Инклюзияның жаңа стандарты

Бұл жоба тек білім беру циклі емес. Бұл бизнес пен қоғамның ынтымақтастығы шындықты қалай өзгерте алатындығы туралы әңгіме. “Робокэш.кз” және DeFacto FM МҚҰ қаржылық сауаттылықты барлығына қолжетімді ете отырып, инклюзия мен әлеуметтік жауапкершіліктің жаңа стандартын жасайды.

Орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді және сурдоаудармамен толықтырылған жоба: қаржылық сауаттылық — бұл артықшылық емес, құқық. Енді Қазақстанның әрбір тұрғыны қаржылық дербестікке апаратын өз жолын бастай алады!

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен №KZ50VJB00000510 лицензиясы 30.09.2021 ж. Астана қ. берілген

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<