Түрмеге палау арасына телефон жасырып өткізбек болған

483

0

Қызылордада тергеу изоляторына палау арасына телефондарды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды.

Қызылордада ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесінде ыстық тағам арасына бірнеше ұялы телефон салып өткізбек болған азамат ұсталды.

– Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен үш телефон және бір қуаттағыш, үш SIM-карта табылды, – деп мәлім етті облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Онда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру жағдайы көрсетілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<