11 қараша күні 14 сағат 01 минутта саяхат-12 көшесінің бойында орналасқан Әлеуметтік дүкеннің жанып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабарлама түсті.
Аталған шақырту бойынша №6 өрт сөндіру бөлімі жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің барлау жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 40 шаршы метр болатын әлеуметтік дүкеннің төбе жабыны жанып жатқаны анықталды. Ішінде азық-түлігі бар жұмыс жасап тұрған дүкен екені белгілі болды. Әрт сөндірушілердің жедел әрі нақты іс қимылының арқасында дүкеннің жарты бөлігі аман қалды. Адамдары аман. Қазіргі таңда өттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. Өрт 14 сағат 15 минутта оқшауланып, 14 сағат 23 минутта толық сөндірілді.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<