Текті ұрпақ елге тұтқа

850

0

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қатысты №16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында «Текті ұрпақ –елге тұтқа» атты таным сағаты өткізілді.

Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғым бар. Тектілік – ол адамға тән кісілік құндылық. Текті адам – барынша қарапайым, жүзі жылы мейірімді, сыпайы, әдепті, инабатты, биязы мінезді, кешірімшіл, үлгілі, өнегелі адам. Тектілік кездейсоқ қалыптаспайды. Текті адамға ата-бабасының жақсы қасиеттері, парасаттылық үлгісі, ділі, дүниетанымы рухани сабақтастықпен беріледі.

Шараға кітапхана оқырмандары, колледж студенттері қатысты. Шараның қонағы болған Қуаныш Жарекеев – Қорқыт Ата атындағы университеттің аға оқытушысы, Сәкен Алдашбаев – «Сыр дидары» газетінің редакторы, Жанат Ахатовна – ардагер ұстаз, есімі «Қазақстанның Алтын кітабына» шыққан, Саркулова Асия – «Ыбырайым» мешітінің ұстазы, Раушан Жусупова – көпбалалы ана «тектілік туралы, ол қалай қалыптасады, тектіліктің негізгі өлшемдері қандай, шариғатымызда тектілік жайында не айтылды, тексіздік дегеніміз не?» деген сұрақтар төңірегінде өз ой-пікірлерін білдіріп, тарихи тұлғаларымыздың өнегелі өмірлерінен, өздерінің жеке тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Жастарды адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, естілікке, тектілікке шақырды. Қатысушы жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, алғыстарын білдірді.

Ш.Күлмағанбетова,

№ 16 кітапхананың кітапханашысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<