Вирусты гепатит жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі. Жалпы бауыр зақымдалып, зат алмасу бұзылып, денесінің сарғышымен жүреді. А, В, С түрлері болып бөлінеді.
А гепатиті – ең кең таралған түрі болып табылады. Ауру дене қызуының жоғарылауымен басталады. Тұмауға әбден ұқсас болып келеді. 2-4 күн өткеннен кейін зәрі қою шайдың түсіндей қоңырланады. Бұл түрі аса қауіпті болмағандықтан өздігінен жазылуыда мүмкін. А түрі тұрмыстық қарым-қатынас және вирустармен залалданған тамақ пен суды қолдану арқылы таралады. Сол себепті гигена сақтау қажет. Вакцина салу өте маңызды.
В гапатиті – қан арқылы жұғатын болғандықтан өте қауіпті. В түрі қан, жыныстық қатынас арқылы және анадан іштегі балаға жұғады. Бұл түрінде терінің сарғаюы өте сирек кездеседі. Дене қызуы көтеріліп, буындар ауырады. Әлсіздік, жүрек айнуы және құсудан басталады. Бауырды өте ауыр зақымдайды емделмесе ципроз бен қатерлі ісік ауруына шалдықтырады.
С гепатиті – ең ауыр түрі болып табылады. Бұл қан құю кезінде немесе зарарсызданбаған шпристерді қолданған кезде жұғады. Қайнатылған ауызсуды пайдаланған жөн. Тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолды сабындап, жуу керек. Шомылуға барғанда суды жұипаңыз. Көкөністер мен жемістерді мұқият жуып жеу керек.
Гепатиттен сақтану адамзат баласы үшін абзалырақ!
М.Бекпенбетова,
Абай ауылдық амбулаторияның аумақ мейіргері






