Облыста қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктер салдарынан залал алған жергілікті 13 кәсіпкерден өтінімдер келіп түсті.
Кәсіпкерлердің өтінімдері арнайы құрылған өңірлік комиссия қарауына ұсынылып, 13,5 млн теңгеге 7 кәсіпкердің өтінімі мақұлданды.
Оның ішінде 3 кәсіпкерге 1,4 млн теңге төленіп, қалған 4 кәсіпкерге төлем жасау жұмыстары жалғасуда
Жергілікті полиция департаментімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде, қалған 6 кәсіпкердің өтінімдері қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы болмауына байланысты кері қайтарылды.
Мұхтар Жетілгенов,
облыстық кәсіпкерлік және
туризм басқармасының
бас маманы





