Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған жергілікті және уәкілетті атқарушы органдар, облыс, қала және аудан прокуратурасының қызметкерлері қатысты.
Салтанатты шарада облыс прокуроры Ризабек Ожаров сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.
– Қазіргі таңда прокуратура органдары қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықтардың сақталуын қадағалайды. Қажырлы еңбекті талап ететін прокуратура қызметінде жауапты міндеттерді орындау үшін табандылық, парасаттылық, білім мен біліктілік қажет. Осы ретте, елдің дамуы мен тұрақты орнығуы, құқықтық қызметті қалыптастыру жолында еселі еңбек етіп келе жатқан әріптестеріме зор алғысымды білдіремін, – деп облыс прокуроры.
Мереке қарсаңында «Үздік тергеу прокуроры», «Үздік қадағалаушы», «Үздік мемлекеттік айыптаушы» және «Үздік прокуратура» номинациялары бойынша жыл үздіктері анықталды.
Сондай-ақ жемісті еңбек етіп, жоғары нәтижеге қол жеткізген бірқатар сала қызметкерлеріне ҚР Бас Прокурорының, облыс прокурорының алғыс хаттары табыс етілді.
Кәсіби мерекесге орай өткен шахмат турнирінде жеңіске жеткен және облыстық прокуратура органдары қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген сурет байқауында жеңімпаз атанған балалар марапатталды.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<