Биылғы жыл Қазалылық жастар үшін жемісті болды. «Жас келсе іске» дегенді қаперді ұстанған аудан жастары білім, спорт, мәдениет салалары бойынша республикалық, халықаралық жарыстардан топ жарып, мәренің алдын кесті. Сонымен қатар аудандағы жастар саясатын жетілдіру барысында ауыл жастары мен қала жастарының басын біріктірген «Жастар керуені» жолға шығып, әрбір округтердегі жастармен етене жұмыс жасауға асықты. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жөнінде өз кеңесін берді.
Жалпы бұл жөнінде жуырда ғана Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында «Жас көшбасшылар – Қазақстанның үміті» атты жастар форумының қорытынды шарасында аудан басшысы Мұхтар Оразбаев та айтып өтті.
Аталмыш форумерекше талантты жастар өздерінің туындыларын қонақтардың назарына ұсынумен басталды.Мұнан соңаудан жастарының жыл басынан бүгінге дейін атқарған жұмыстары бейнеролик арқылы ұсынылып, қатысушылар ерекше ықыластарын ду қол шапалақпен жеткізді.
Форумда алғы сөз сөйлеген аудан басшысы көпшілікті Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, даталы мереке аясында оң шешімін тапқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, алдағы жоспарлармен де бөлісіп, жастар саясатына кеңінен тоқталып өтті.
– Бүгінгі күнге дейін ауданда ерікті жастардың қатысуымен барлығы 300-ден аса іс-шаралар өткізілді. Оған 8000 мыңнан астам жастар қатыстырылды.
Соның ішінде жыл сайын дәстүрге айналған «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» тақырыбындағы жастар фестивалі мен «Жастар керуені» жобасын айтсақ болады. Ауылдың талантты жастарымен тілдесіп, барлық қырларынан көрінуге мүмкіндік сыйлайтын жоба талай жастың мәселесі шешілуіне де ықпал жасады.
Қазірде ауданда 6 мыңнан астам кәсіпкер болса, оның 40 пайызы осы жас кәсіпкерлерге тиесілі. Міне, аудандағы осындай ілкімді істердің басы-қасында жүрген жастардың біз үшін орны бөлек, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң жылдың үздіктерін марапаттау шарасы өтті. Кеште «Үздік ауыл» номинациясы бойынша Бірлік, Ғ.Мұратбаев, Өркендеу, Аранды және Қарашеңгел ауылдық округтері марапат төрінен көрінді.
Сол секілді «Жастар жанашыры» номинациясы бойынша кәсіпкер Бақыт Жеткергенқызы, «Жанель фарм» ЖШС директоры Гулназ Батырбекқызы, «Ақжол Строй» директоры Сания Нұржаубайқызы және Қуаныш Әбдікәрімұлы құрметке бөленді.
Келесі кезекте өз саласында аянбай еңбек етіп жүрген әр саланың үздік жастары «Жыл таңдауы – 2023» бағамын иеленді. Ол қатарда егінші, спортшы, ұстаз, дәрігер, құқық қорғау саласы, ерікті жас, шебер, еңбек адамы мен ерекше жандар да болды.
Арнайыбағамдардансоңжастарсаясатынжүзегеасырудыжанашырлықтанытыпжүргенжандарауданәкімініңжәнеоблыстыққоғамдық даму басқармасының «Алғысхатына» иеболды.
Көңілдікештеауданөнерпаздарыәуелетеәнсалып, күмбірлетекүйтартып, мыңбұралабибиледі. Шара соңыЕ.Хасанғалиевтің «Атамекен» әніменқорытындыланды.
Ж. Табынбаев,
Қазалы ауданы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<