Жаңа ойын алаңы

774

0

Биыл жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен Арал ауданында 5 ойын алаңы ашылып, пайдалануға берілді. Бүгін балалар үшін тағы бір қуанышты жаңалық, Арал қаласының «Мостовая» мөлтек ауданынан жаңа ойын алаңы ашылды. Мұнда ойын алаңымен бірге жас аяқдопшылар үшін футбол алаңы да салынған.

Бой көтерген нысанға аудан әкімі Серік Сермағамбетов барып, аудан ардагерлерімен бірге көше тұрғындары мен балғындарды жаңа ойын алаңының ашылуымен құттықтады.

«Балалар үшін бүгінгі есігін айқара ашқан ойын алаңы баршаңызға құтты болсын! Жаңа алаңда асыр салып ойнаған бүлдіршіндердің қызығы таусылмасын. Әрдайым еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болып, еліміздің мақтанышы болуларына тілектеспін»,-деді Серік Сағитжанұлы.

Айта кетейік, балаларға арналған жаңа ойын алаңын балаларға базарлық ретінде ауданға танымал, құрылыс саласында сапалы қызмет етіп жүрген Құлмырзаевтар әулеті тарту етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<