Жаңақорған ауданында соққан қатты жел 5 ғимарат пен екі қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 24 сәуірде Жаңақорған ауданы аумағында қатты жел соғып, салдарынан 5 ғимарат пен екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің шатыры ұшып кеткен.
– Жел №51 орта мектеп, аудандық ветеринариялық зертханасы, аудандық әкімдігі, аудандық қаржы бөлімі және агралық-техникалық колледжінің және оған қоса Алтынсарин көшесіндегі 2-қабатты тұрғын үй шатырын ұшырған, – делінген департамент хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ, қатты жел мен жаңбыр ауданның электр жүйесіне де әсер еткен. Жаңақорған кенті мен бірқатар ауылдарда оған байланысты авариялық жағдай тіркелген.
Аудан әкімдігі ақауды қалпына келтіру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<