Жақсылықтың жаршысы

671

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысының волонтерлар фронт-офисы жыл басынан бері волонтерлік бағытта 150 шара ұйымдастырып, оған 3500-ге жуық волонтер тартылған. «Qamqor», «Taza alem», «Asyl mura», «Sabaqtastyq» «Bilim» «Umit», «Saulyq», «Media» бағыты бойынша, «Аyala» тағы басқа да түрлі бағытта жан-жақты көмек беріп келеді.

Халықаралық волонтерлер күніне орай өңірде атқарылған шаралар бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырылған жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Шыңғыс Нүрекеш пен облыстық «Волонтерлар фронт-офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов айтты.

– Республикалық волонтерлер фронт-офисі ұйымдастырған «Жыл волонтеры» сыйлығына облыстан 20 ерікті үміткер ретінде қатысып, 2-еуі «Жыл волонтеры» номинациясына ие болды. Бұл біз үшін мақтаныш. Облыстық волонтерлер фронт-офис волонтерлері, акциялар өткізіп қоймай, құрбан айт мерекесі, мектепке жол акциясы т.б көптеген қайырымды істердің басы қасынан табылып, халықтың алғысына бөленіп келеді. Бүгінгі күні облыста 27 волонтерлік ұйым бар. Фронт офис жанында 2000нан астам волонтерымыз бар, – бар деді Б. Айтбенбетов.

Сыр жастары да волонтерлік қызметтен шет қалмай, әрдайым жақсы істің жаршысы болып жүреді. Облыстың белсенді еріктілері бүгінде қоғамда талқыға түсіп жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы екенін білдіру мақсатында бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған. «Ерікті болу оңай» ұранымен қысқы мейірімділік апталығын аясында Қарттар үйінде «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді. Қарттар үйінің ауласында қысқы тазалық жұмыстары жүргізілді. Ірі сауда орталықтарында, демалыс орындарында, «Арай сити молл» сауда үйінде жергілікті ерікті  өнерпаздардың қатысуымен қала тұрғындарына және қонақтарына мерекелік концерт өткізілді. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<