Жазғы тынығу маусымы басталды

800

0

Жадырап жаз шығысымен балалардың барлығы жазғы тынығу лагерлеріне барып тынығады. Дәстүрге айналған мұндай тынығу мерзімі жыл айналып тағы да келді. Осыған орай Қазалыдағы «Шағала» балалар лагері 1 маусымнан бастап жазғы тынығу маусымына балаларды қабылдады.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығында өткен лагердьдің жазғы маусымының ашылу салтанатына қатысып, өнерлі жеткіншектердің концерттік бағдарламасын тамашалады.

<strong>Жазғы тынығу маусымы басталды</strong>

Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде балалардың жақсы тынығып, уақыттарын тиімді пайдалануларына тілектестігін білдірді.

Қазіргі таңда лагерьдің бірінші ауысымында 125 оқушы демалуда. Балалар мұнда бес мезгіл тамақтанады. Олардың уақытты көңілді әрі пайдалы өткізуі үшін 13 тәрбиеші барын салып жүр. Демалушылардың денсаулығына арнайы дәрігер мен стоматолог жауап береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<