Жыл үздіктері құрметке кенелді

580

0

Фото: қалалық білім бөлімі

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында облыстық білім басқармасы, Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы тарапынан жыл қорытындысы сараланып, сала бойынша үздіктер марапатталды. Қаладағы №101 Ә.Мүсілімов атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылған мерекелік кеште басқарма басшысы Асқарбек Есжанов қатысушыларға жаңажылдық құттықтау лебізін білдіріп,  жыл барысында сала бойынша атқарылған нәтижелі жұмыстарды атап өтті.

– Тарих қойнауына сырғып бара жатқан жыл аймақтың білім саласы үшін де табысты болды.  Биыл салаға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда, 19 пайызға өсіп, 278 млрд теңгені құрады. Бұл – облыс бюджетінің 45 пайызы деген сөз.

<strong>Жыл үздіктері құрметке кенелді</strong>

Қалада үш ауысымды оқытуды болдырмау және жүктемені азайту бағытында 4 мектепте 1850 орындық қосымша ғимарат салынды. Өздеріңіз білесіздер, қаладағы Бәйтерек мөлтек ауданынан 600 орындық, Шиелі ауданы, Байсын ауылынан 250 орындық мектеп пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, білімді балаларды қолдау аясында қала орталығынан және Қармақшы ауданынан мамандандырылған мектеп-лицей интернаты жұмысын бастады. Қалада 350 орындық заманауи Оқушылар үйі ғимарат құрылысы басталды. Сондай-ақ, құны 4,8 млрд теңгені құрайтын музыкалық колледж ғимаратының құрылысы басталады. Аймақта 300 орындық жатақөханасы бар 400 орындық физика-математика мектебінің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.Бұл жұмыстардың барлығы Президент тапсырмасына сай аймақ басшысының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын атап өткеніміз жөн.

Біле білсек, ең қайтарымды инвестиция – білімге салынған инвестиция. Қай қоғамда болса да мемлекеттің стратегиялық байлығы – бұл өскелең жас ұрпақ, – деді А.Есжанов.

Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлнар Есқалиева өз кезегінде мерекелік құттықтау тілегін арнап, сала мамандарын қолдауға бағытталған іс-шаралар кәсіподақ тарапынан лайықты жалғасын табатынын айтты.

Жаңажылдық кеште бірқатар азаматтар облыстық кәсіподақ ұйымының «Еңбек ардагері», «Кәсіподақ ардагері» «Үздік әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапатталып, бағалы сыйлықтыр берілді. Сонымен қатар, «Жыл үздігі» аталымы бойынша мектеп, балабақша ұжымдары атынан лайықты ұстаздар, сала мамандары құрмет төрінен көрініп, алғысқа бөленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<