Жыртқыш аңдардың санын қалай реттейміз?

693

0

Фото: ашық дереккөзден

Шибөрі және қасқыр аңдары үй жануарларына, сондай-ақ адамға шабуыл жасауы, жануарлар дүниесі арасында әртүрлі ауру қозыдруға әсер ететін жыртқыш аңдар болуына орай, саны реттелетін аң түріне жатқызылған.

ҚР ЭГжТРМ-нің 30.12.2020 жылғы № 347 бұйрығымен «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы тарапынан қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеу үшін рұқсат құжаттар беріледі.

Сонымен бірге, ҚР АШМ 27.02.2015 жылғы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген «Аң аулау қағидаларына» сәйкес, елдi мекендердiң жерлерiнде, сондай-ақ олармен iргелес аумақтарда аң аулау ережелерiне сәйкес аңшылық атыс қаруын қолдану қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлетiн қашықтықта жүргізу қажет.

ҚР 09.07.2004 жылғы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңының 45-бабына сәйкес, Жануарлар түрлерінің санын реттеу биологиялық негіздеме негізінде жүргізіледі.

2023 жылға әзірленген биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысының көлемінде қасқыр және шибөрі аңдарының санын реттеуге лимит бөлінген.

Аталған биологиялық негіздемеге сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде шибөрі мен қасқыр аңдарының санын реттеуге мемлекеттік қызмет көрсетілуде.

Азаматтардың шибөрі мен қасқыр аңдарын аулауға рұқсат алу үшін жолданатын өтініштерінде рұқсат құжатын пайдаланушылардың аңшы куәлігі мен аңшы қаруына берілген рұқсат құжатының номерлері, берілген күні мен жарамдылық мерзімдері көрсетілуі керек.

Бұдан кейін, өтінішті толтыру барысында ауланатын аңның саны 3 дарақтан аспауы керек.

Өтініште жануарлардың санын реттеу учаскенің ауданы (аумағы) және шекарасы – өтініш жіберіліп отырған облыстың аумағында ауланатын аңның нақты ауданы көрсетілуі қажет.

Мысалға, егер Түркістан облысының аумағынан жыртқыш аңдардың санын реттеу қажет болса, өтінішті қалыптастыру барысында Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясын таңдау қажет.

Өтініште рұқсат құжатын пайдалану мерзімі өтініш жіберілген жылдың соңына дейінгі мерзім көрсетілу керек.

Сонымен бірге, Инспекция тарапынан келесі негіздер бойынша өтінішке рұқсат құжатын беруден (мемлекеттік қызмет көрсетуден) бас тартылады:

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айрылған соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.

Осыған байланысты, шибөрі мен қасқыр аңдарының елді мекен тұрғындарының денсаулығына зиян келтіруін болдырмау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жануарлар дүниесі арасында ауруларды болдырмау мақсатында, шибөрі мен қасқыр аңдарын аулауға арналған рұқсат негізінде аңшы азаматтарға шибөрі мен қасқыр аңдарын аулауға болады.

Р.Бурабаев,

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ-нің бөлім басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<