Студенттер Генадий Шиповскихпен кездесті

210

0

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі жаңа жылды жақсы жаңалықтармен бастады. Оқу орнының «Шаңырақ» жастар орталығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Генадий Шиповскихтің қатысуымен еркін форматтағы кездесу-сұқбаты болып өтті.

Қай уақытта да жастар жанашыры болып жүретін депутат жастарға байланысты түрлі жаңалықтар мен мемлекеттік қолдаулар туралы айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті. ҚР Парламенті Мәжілісінің ең жас депутаты, жерлесіміздің өмір жолы, қызметі, туған жерге, елге деген құрметі бүгінгі жастарға үлкен өнеге. Әсіресе, оның қазақ тіліне деген жанашырлығын, құрметін танытатын «Әр адам Қазақстанда қазақтың жерін басып жүргеннен кейін қазақ тілін білуі керек» деген сөзінің өзі парасаттылықтың белгісі. Өзге ұлт бола тұрып, қазақ тілін өз ана тіліндей құрметтеуі әрбір адамға, оның ішінде жастарға  үлгі болмақ.  

Шараға қатысқан студент жастар өз кезегінде депутатқа көкейдегі сұрақтарын қойды. Жақсы іс жалғаса бермек. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<