Студенттер жалпыреспубликалық челленджді қолдау шарасын өткізді

224

0

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты жалпыреспубликалық челлендж жүргізілуде.  Жас ұрпақтың елге деген құрметін еселейтін бастаманы  жоғары оқу орны, колледж студенттері, мектеп оқушыларымен қатар балабақша бүлдіршіндері де қолдауда. 

Егемендік күні қарсаңында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жастары жалпыреспубликалық челленджді  қабыл алып, облыстағы барша студенттерге жолдады.

Жас ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық тәрбие беру мақсатында  өткен  жалпыреспубликалық челленджге үн қосу, қолдау шарасына 1200-ден астам студент пен оқытушы қатысып, барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, халықтың ұранына айналған, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнін шырқап, әуеге шарлар ұшырды. Ерекше форматтағы патриоттық шараның жас ұрпақтың отаншылдық сезімдерін арттырып, азаттықтың бағасын білуге шақырары анық. 

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<