Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Медиаторлар кеңесінің ұйымдастыруымен Қызылорда медициналық жоғары колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Бітім» медиация орталығының директоры, кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, Медиация кабинетінің үйлестірушісі Шахизат Абдраманова қатысып, медиация институты жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Кәсіби медиатор Жанна Мирамбекқызы студенттерге үшінші Ұлттық құрылтайда көтерілген жастар мәселелері: зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, кибербуллинг, алаяқтықтан аулақ болу, займ алу, оңай ақшаға қызықпау мәселелерін қозғады. Интернет алаяқтық, кибербуллингпен қалай күресуге болады? Ол үшін ата-ана не істеуі керек? Оның алдын-алу секілді өзекті мәселелер төңірегінде толықтай тоқталып, қажетті кеңестер берді. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында медиация заң аясында қарқынды түрде жұмыс атқаратындығын алға тартты.
Медиация институты, оның тиімділігі, медиация тәсілін меңгеру пайдасы, оның сот өндірісінен айырмашылығы, медиацияның тетіктерін ұтымды пайдалану, қызметте, қоғамда орын алатын дауларды екі тарапқа да оңтайлы реттеу сынды мәселелер сөз болды. Сонымен бірге студент жастарды тегін медиациялық кеңес алуға шақырды.
Кездесу соңында студенттер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Dostyk_news
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<