Студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

834

0

«Жастар рухы» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жұмыстарын жүргізіп келеді.


Мониторинг жүргізудің мақсаты –оқу орны ғимараттарының дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға сай екенін тексеріп, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтау.


Бүгін мобильді топ Қорқыт Ата атындағы қызылорда университеті, «Болашақ» университеті, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атындағы аграрлық техникалық жоғары колледжі, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, «Болашақ» жоғары және медициналық колледжі жатақханарына мониторинг жұмыстарын жүргізіп, оқу орындарының басшыларына бірқатар ұсыныстар айтылды.
Мобильді топтыңқұрамында Қызылорда қалалық мәслихат депутаты М.Есжанов, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының заңгері С.Алшынбеков, облыстық білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің статист маманы Е.Жаматов, «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы А.Какарманов, Қызылорда облысының студенттік омбудсмені С.Қуандық, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар маманы және БАҚ өкілдері бар.


1973 жылы іргетасы қаланған М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жатақханасы «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген.
248 орынға арналған жатақханада студенттерге арналған оқу, би, спорт залы, коворкинг орталығы, медициналық пунтк, душ, кір жуу және арнайы оқшаулау бөлмелерімен жабдықталған.

Сондай-ақ, жатақхана тұрғындары WI-FI желісі мен кітапхана қорындағы 132 800 оқулықты тегін қолдана алады.
Жатақханада әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлары төмен отбасынан шыққан және жетім балаларға жеңілдіктер қарастырылған. Студенттер айына 4500 теңге төлейді. Бұл қала жатахқаналары бойынша ең төменгі баға.


Облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, кәсіби музыкалық білім беретін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі 1977 жылы ашылған. Білім алушылар саны – 337. Оның 214-і ауыл жастары. Сол себептіде жатақханаға сұраныс жоғары.
Шаршы метрге шаққанда бөлме сыйымдылығы стандартқа сай келмейді. Себебі оқу орны мен жатақхана бір ғимаратта орналасқандықтан, тарлық етеді. Сонымен қатар жаңбырлы күндері 5 қабаттың қабырғалары суланып, төбесінен су ағады. Тағы да басқа оқылықтарды ескергенде жатақхана күрделі жөндеуді талап етеді.


Жоғарғы оқу орындарының жатақханалары барлық санитарлық талаптарға сай, студенттерді қабылдауға дайын.
Айта кетейік, жатақханаға мониторинг жұмыстарының қорытындысы ағымдағы жылдық қыркүйек айында өтетін Жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің күн тәртібінде қаралатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<