Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында Сырдария жағалауында профилактикалық іс-шаралар кешені күн сайын жүргізілуде.
Құтқарушылардың негізгі міндеті суға бату жағдайын болдырмау, тәуліктің кез-келген уақытында барлық қатерге ұшыраған адамдарға көмек көрсету. Алайда, жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға қарамастан, адамдар судағы қауіпсіздік шараларын елемеуде. Демалушылармен сұхбат жүргізіліп, судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін ескертіп, суға бату кезінде зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек корсету түрлері көрсетілді, белгіден асып жүзуге болмайтындығы туралы ауызша ескертілді. Шын мәнінде су қоймаларында демалушылардың қауіпсіздігі құтқарушыларға байланысты. Суға батып кетушілердің санын арттырып тұрған статистиканы бәсеңдету үшін және өз жаныңызды аман сақтап қалу үшін не істеу керек? Қандай ережелер мен қағидаларды білген жөн?
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
– Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
– Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
– Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.
– Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
– Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз
– Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.
– Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар
Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы – суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<