45 жастағы қазақ эстрадасының әншісі Алтынай Жорабаева бесінші қызын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тележүргізуші Анна Данченко жұлдызды отбасындағы қуанышты оқиғаны 2024 жылдың 7 қаңтарында Instagram парақшасында жариялады.
«Жақсы жаңалық! Алтынай ханым бесінші қызын дүниеге әкелді. Сізге де жұғысты болсын», – деп жазды Данченко.
Жорабаеваның өзі әлі үнсіз. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері жаңа жылға арналған соңғы постынан кейін әлі ештеңе жазбады.
Жорабаева өзінің көптен күткен жүктілігі туралы жанкүйерлеріне 2023 жылдың қыркүйегінде хабарлады.
Танымал орындаушының бірінші күйеуі қазақстандық продюсер Сәбит Әбдіхалықов болды. Он жеті жыл отасқан екеуі төрт қызды дүниеге әкелді. Тіл табыса алмай, жиі ұрысып тұратынына байланысты ерлі-зайыптылар 2017 жылы ажырасып кеткен.
2020 жылдың көктемінде Алтынай Жорабаева Әлішер Есенғазинге екінші рет тұрмысқа шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<