Танымал әнші, халық сүйіктісі Мейрамбек Беспаевтың жұбайы Мархабат Беспаева әлеуметтік желідегі парақшасында халықтан сүйінші сұрады.
Өнер иесінің әйелі ана атанды.
«Ал сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. Кім босанды деп ойлайсыздар?» – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың жұбайы жақында ғана тағы бір мәрте ана бақытын сезінгелі жүргенін хабарлаған болатын.






