Видеодан кадр
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желісінде 6 қараша күні Астанада болған өрт болып, 5 адам тірідей жанып кеткен көрінеді. Бірақ, әкімдік те, төтенше жағдай департаменті де ресми ақпарат бермеді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
«Астананың Байқоңыр ауданында Лермонтов 39 көшесінде барак секілді салынған жатаханада 6 қарашада түнде өрт шығып, 5 адам тірідей жанып кеткен. Екі ересек адам, үш бала. (Үшінші бала көршісінің баласы) Отбасының 16 жастағы қызы ауруханада жатыр, жақындарынан айырылғанын білмейді.
Тірі қалғандарды әкімдік бірден алып кетіп, қонақ үйге орналастырған. Ақпаратты көршілері беріп отыр. Болған оқиғаға қатысты не төтенше жағдай департаментінен, не әкімдіктен ресми ақпарат жоқ. Бұл ақпаратты журналист досым жіберді. Марқұмдардың жаны Жаннатта болсын», – деп жазды депутат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<