Сұмдық жағдай: Танымал режиссер 27 қызға сексуалды қысым көрсеткен

45

0

Фото: ашық дереккөз

Испан режиссері Эдуардо Кортес 27 әйелге сексуалды қысым көрсеткені үшін ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.

«Айыптаушылардың айтуынша, Кортес әлеуметтік желілер арқылы оларға хабарласып, жұмыс ұсыну сылтауымен өзін жалаңаш күйінде түсіруді сұраған», – делінген хабарламада.

Кортесті айыптаған әйелдердің көпшілігі 20 мен 30 жас аралығындағы актрисалар екені хабарланды.

Режиссер оларға әлеуметтік желілер арқылы хабарласып, өзінің жаңа жобаларына актриса іздеп жатқанын айтқан. Нәтижесінде ол ашық бейнематериалдар жіберу шартымен жұмыс ұсынған.

«Сөйлесулер гипотетикалық түрде кейіпкердің мінез-құлқы мен біздің жеке тәжірибеміз арасындағы байланыстарды зерттеу аясында жүргізілді. Бұл ешқашан тікелей ұсыныс болған жоқ», – деп мәлімдеді Кортес өз қорғауында.

Эдуардо Кортес режиссер және телесериал сценарисі ретінде 1991 жылы дебют жасаған. 2003 жылы «Ешкімнің өмірі» фильмін режиссерлік еткені үшін «Гойя» сыйлығына, ал 2005 жылы «Басқа күндер келеді» драмасының сценарийі үшін номинацияға ие болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<