Ірі елді мекендерден алыс жерде жиі сумен жабдықтау мәселесі туындайды, бұл бұрғылау ұңғымалары арқылы сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыр уға мәжбүр етеді.
Қызылордалық жеке кәсіпкер Айгерім Өмірзақова «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасының аясында су бұрғылайтын заманауи қондырғы сатып алды. Бұл туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлады.
Су ұңғымаларын бұрғылау қондырғысы – бұл озық технологиялы, ыңғайлы, тиімділігі жоғары, сенімді және берік, су ұңғымаларын бұрғылауда кеңінен қолданылған, жоғары тиімділігі мен көп мақсатты гидравликалық қондырғысы.
Қондырғы Ресей елінен тапсырыс бойынша алынды. Бұрғылайтын қондырғы тереңдігі 20 метрден 500 метрге дейін тереңдікте және де диаметр 310 мм қазу мүмкінідігі бар. Осы жоба арқылы 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Бүгінгі күні тұрақты тапсырыс берушілері бар – олар жер қойнауын пайдаланушылар, агроөнеркәсіптік және табиғат қорғау секторы, сондай-ақ экологиялық жобалар және қалалық агломерацияларды абаттандыру бөлігінде мемлекеттік сектор.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта басқа да жаңашыл қондырғылар алу бойынша жұмыс жасауда.
– Әкеміз көп жылдар бойы осы салада жұмыс жасаған, сол кісінің айтуы бойынша және де жинаған тәжірибесі бойынша осындай жоба ойға келді, – деді А.Өмірзақова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<