Су қоймасынан төрт адамның денесі табылды

520

0

Қонаев қаласында төрт адам суға кетті деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 маусымда Қапшағай су қоймасындағы «Голубой залив» ауданында шомылуға арналмаған жерде төрт адам суға батып кеткен, олар – 1990 жылғы әйел, 1992 жылғы ер адам және 2007, 2010 жылғы балалар. Ал 1954 жылы туған бір әйел құтқарылды. Бұл адамдардың бәрі туысқан екені айтылды.

«Су қоймасында шомылу барысында толқын көтеріліп, екі ағайынды бала бата бастаған. Оларды ағасы, тәтесі және апасы құтқаруға ұмтылған. Бірақ, өкінішке қарай, тек апасы ғана аман қалды. ТЖД құтқарушылары екі бала мен ер адамның денесін судан алып шықты», – деді ведомство өкілдері. 

Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Қонаев қаласында құтқарушылар кезекшілігі ұйымдастырылған 7 қалалық жағажай бар, сондай-ақ олар құтқару мұнараларымен және шомылу кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті құралдармен жабдықталғаны хабарланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<