Су ресурстары және ирригация министрі Ақтөбе облысына барды

583

0

Фото: ҚР Су ресурстары министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысына барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр Ақтөбе су қоймасын аралап, тасқын суын өткізу барысымен танысты.

«Қазсушар» РМК, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Ақтөбе су қоймасына 210 млн текше метр, Қарғалы су қоймасына 180 млн текше метр су келуі мүмкін. Сондықтан біз су қоймаларының жұмыс кестесін өзара үйлестіруіміз керек. Қазір біз «Қазсушар» РМК жүргізіп жатқан жұмысты талдап, қажетті шешім қабылдаймыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<