Су тапшылығы мәселесі қалай шешілді?

513

0

Фото: Әкімдіктің әлеуметтік желісінен

Қызылорда – ақ күріштің аймағы. Соңғы жылдары Сырдария өзеніндегі орын алған су тапшылығы әсерінен егілген егісті вегетациялық кезеңде қажетті көлемде сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындағаны рас. Бұл проблеманы өңір әкімі қалай шешті? Кездескен қиындықтар туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Бетпе-бет» бағдарласында айтып берді.

– Сыр өңірі аграрлық өңір болғандықтан, басты дақыл күрішті өсіруге және экспортқа шығаруға жете мән береміз. Облыстың ауыл шаруашылығы саласы толығымен суармалы егіншілікке бейімделген.

Президентіміз дер кезінде Сырдария өзенінің жоғары ағысында орналасқан мемлекеттермен нәтижелі келіссөз жүргізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағдай жасады.

Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге қаржы бөлініп, каналдар тазаланып, гидротехникалық нысандар жөндеуден өткізілді және 156 дана насос қондырғысы алынып, 52 ұңғыма бұрғыланды.

Ирригация жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, жерді тегістеу арқылы су пайдалану мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілді,-деді өңір басшысы.

Облыста ауыспалы егіс тәртібін қатаң сақтай келе, күріш дақылының көлемі 75-80 мың гектардан кем болмауы тиіс. Сондықтан, жыл басында егілуі 64 мың гектарға межеленген күріш егісінің көлемі 78,6 мың гектарға жеткен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<