Су тасқыны: үйіне оралғандар саны 40 мыңға жуықтады

510

0

Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Су тасқынымен күресте ел бойынша 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлім етті.

«Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам үйіне оралды және 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Су тасқыны бастағалы 13,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді», – деді Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Тасқын сумен күреске 17 мыңнан астам адам, 2 мыңға жуық техника, 291 су сору құралы, 203 жүзу құралы және 7 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Өрт қаупі кезеңінің басталуына байланысты азаматтарды табиғатқа шыққанда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береміз», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<