Су тасқынына байланысты аталмыш аймақтарға жолға шықпағаныңыз дұрыс

462

0

Сурет: akorda.kz

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның 2024 жылғы 12 сәуірдегі ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар 6 облыстағы автомобиль жолдарындағы қоғалысқа шектеу туралы айтты. Сонымен қатар, су тасқынына байланысты қазақстандықтардың аталған аймақтарға жолға шықпауын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 9:00 жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр болатын су тасқыны орын алған.

«6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 бірлік техника мен 853 адам жұмылдырылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<