Су уақытша ажыратылады

822

0

Құрметті қала тұрғындары!

Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін “Бас тоған” су алу кешенінде орналасқан ауыз су құбырының ашып-жабу ысырмасында ақау орын алуына байланысты алмастыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, бүгін қала орталығында ауыз су қысымы төмендеп, сағат 12:00-ге дейін уақытша тоқтауы да ықтимал.

Қала тұрғындарын уақытша орын алған қолайсыз жағдайға және атқарылып жатқан жұмысқа түсіністікпен қарауға шақырамыз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<