Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік басты назарда

185

0

Фото: Жалағаш ауданы

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес жауапты сала өкілдері су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейд ұйымдастырды.

Рейд барысында тұрғындарға рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге тыйым салынатыны түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, Сырдария өзені жағалауында қауіпсіздікті сақтау шаралары таныстырылды.

Сонымен қатар, Жалағаш кенті орталығындағы ашық бассейнге барып, оны қайта қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Бұл бассейн суға түсу маусымында аудан тұрғындары мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Нысан іске қосылған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі