Суға шомылу мен балық аулауда сақты шараларын сақтау – өте маңызды

566

0

Жыл сайын елімізде суға түсу өзекті мәселенің бірі. Оның үстіне Сыр өңірінде Сырдария болғаннан кейін азаматтардың әртүрлі себептермен суға батып кетпеуін қадағалау маңызды.

Соған сәйкес, аймақта біршама профилактикалық жұмыс жүргізілді. Бұған қоса, қазір балық аулау маусымы басталды. Сол себепті облыстағы рейдтік іс-шаралардың жай-жапсарын Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Нұржігіт Тұрғанбай айтты.

– Рейдтік іс-шара барысында облысымыздың су айдындарында, демалатын орындарда 655 рейд өткізіліп, 42 мыңнан астам адамға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылуда. Облыстың 115 740 оқушысына «Судағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» тақырыптары бойынша 212 интерактивтік сабақ өткізіліп, 208 мектептің басшылары мен мұғалімдеріне судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде сабақ өткізілді. Сонымен қатар, Қызылорда облысының Полиция департаментімен бірлесіп, суға шомылу маусымы кезеңінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 115 адамға ескерту шарасы көрілсе, осы Кодекстің 412-бабы бойынша – 1 адамға айыппұл салынды және жоғарыда аталған кодекстің 440-бабы бойынша – 2225 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, облыс көлемінде профилактикалық жұмыс барысында азаматтардың заңсыз балық аулау бойынша 199 дерек тіркеліп, 2 млн 115 мың 100 теңге айыппұл салынды, – деді Нұржігіт Тұрғанбай.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<