Сумен жабдықтау саласына цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды

3

0

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті.

Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдары мен тиісті мекеме басшылары қатысты.

Мәжілісте «Сумен жабдықтау саласына цифрлық технологияларды енгізу» мәселесі күн тәртібіне шығарылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша, бүгінгі күні ауыз суды цифрлық есепке алу, бақылау және басқару жүйелерін енгізу арқылы су ресурстарын үнемдеу мен тиімді пайдалануға қол жеткізу жолдары талқыланды.

«Цифрлық технологияларды енгізу, уақыт талабы. Бұл – суды тиімді әрі үнемді пайдалануға, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және саланың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам», – деп аудан әкімі Айтбай Жандарбеков атап өтті.

Мәжілісте сондай-ақ аудан бойынша таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіштері сөз болды. Қазіргі таңда кент орталығы мен барлық ауылдық округтер 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ендігі кезекте су бұру және су ысырабын азайту бағытындағы жұмыстарға ерекше мән берілмек.

Ауыл шаруашылығы бойынша,өткен жылы су тапшылығының алдын алу мақсатында 9500 гектар жерге лазерлік тегістеу жұмыстары жүргізіліп, 2100 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Бұл шаралар су үнемдеудің тиімді үлгісі ретінде бағаланды.

Мәжіліс соңында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі