Ағымдағы жылдың 14 наурызында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қ.Ахметқалиев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұйымдастырған «Ауыл әкімдерін арнайы қайта даярлау» курсының тыңдаушыларына дәріс өткізді.
Әкімдер мектебі жобасының басты мақсаты — елдің басқару жүйесіне білікті, заманауи, кәсіби және жауапты мемлекеттік басқару кадрларын даярлау. Бұл жоба арқылы жаңа буын әкімдер мен мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеу, олардың стратегиялық ойлау, тиімді басқару, көшбасшылық және халықпен ашық жұмыс істеу дағдыларын дамыту көзделеді. Дәріс барысында Қ.Ахметқалиев баяндама жасап, «Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтың зияны,мүдделер қақтығысы,сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен жауапкершілік» тақырыптары талқыланды.
Жиын соңында мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<