Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңейтілген мәжіліс

425

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңейтілген мәжіліс Бүгін Жалағаш ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған шаралар туралы аудан әкімінің төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – ең өзекті мәселелердің бірі екендігін айта кеткен аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы:
– Келеңсіз әрекеттерге жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде және қоғамның барлық салаларына сенім арттыруға бағытталған бірлескен шаралар атқаруды күшейтуіміз қажет – деді өз сөзінде.
Кеңейтілген мәжілісте Жалағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Қалыбаев Шарабан аудан бойынша мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылған жұмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жакудаев Нұғман мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыптарында хабарлама жасады.
Мәжіліс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Садық пікір білдіріп, аудан басшысы тиісті басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<