Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Шиелі, Жаңақорған аудандарында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз» тақырыбында тұрғындармен кездесулер өткізілді.
Оған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Нұғман Жакудаев, облыстық ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының аға уәкілі Қайырбай Сарбайсаловтар қатысып, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылыққа, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру бойынша баяндама жасап, аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Бұл бағыттағы шаралар облыстың қалған аудан орталықтарында өз жалғаспақ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<