Бүгін өңірдегі барлық мектептерде екі жыл үзілістен кейін соңғы қоңырау шаралары салтанатты түрде өткізілді.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Б.Момынбаев атындағы №278 мектеп-лицейінде өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасына қатысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ақжолтай тілегін арнап, ұстаздарды мерекемен құттықтады.
Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінде 109 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды
Мектептің мақтанышы – түлектер. Ашылғалы бері Сыр өңіріндегі НЗМ-тен 736 оқушы түлеп ұшты. Олардың 139-ы Назарбаев Университетіне, 48-і АҚШ, Германия, Италия, Оңтүстік Корея, Чехия, Қытай, Гонконг, Венгрия, Түркия и Ресей мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына қабылданды.
Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейі түлектері үшін де күміс қоңыраудың сыңғыры соңғы рет соғылып, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған 89 түлек алтын ұясынан қанат қағып ұшқалы тұр.
Жалпы биылғы оқу жылында Қазалы ауданында барлығы 684 бала мектеп бітірсе, 612-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Олардың арасынан 57 оқушы «Алтын белгіге», 61 оқушы «Үздік атестатқа» үміткер. Мұның ішінде республика көлеміне танымал, таланттар ұстанахасы саналатын Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейден 13 оқушы «Алтын белгімен», 17 оқушы «Үздік аттестатпен» бітіргелі отыр.
Кең көлемде ұйымдастырылған дәстүрлі шара биыл Арал қаласындағы №220 орта мектебінде болып, салтанатқа аудан әкімі Серік Сермағамбетов қатысып, бітіруші түлектерді мерекелерімен құттықтады.
Айта кетейік биыл ауданымыз бойынша 933 оқушы мектеп бітіріреді. Олардың 50-і «Алтын белгіге» үміткер болса, 43 оқушы– «Үздік аттестатқа» ұсынылып отыр. Ал, №220 орта мектеп биыл 47 түлекті алтын ұядан ұшырмақшы.
Бүгін №37 мектеп-лицейі білім ұясында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі.
Суреттер Фейсбук әлеуметтік желідегі мектептердің парақшасынан алынды
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<