Сыр бойында 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды

779

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қызылорда облысында жалпы құны 47,6 миллиард теңгені құрайтын 21 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталды.

Оның ішінде, 15 нысан Ұлттық жоба аясында, 2 нысан «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде, 2 нысан республикалық бюджет есебінен, 2 нысан жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтарды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстың бас дәрігері Олжас Искаков мәлімдеді.

– Ұлттық жоба аясында 2024 жылы іске асырылатын 9 дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 39,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Жыл аяғына дейін мемлекеттік сараптамадан өткізілетін болады. Сондай-ақ, 2024 жылы заманауи перинаталдық орталық құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, 2025 жылы республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 200 келушіге арналған орталықтың құрылысын бастау қолға алынады, – деді Олжас Ермекұлы.

Сонымен қатар, 12 денсаулық сақтау нысанына қосымша құрылыс, блок арқылы қайта жаңғырту, ғимаратты реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Шамамен жобалар құны 16,4 миллиард теңгені құрайды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<