Сыр боксшысы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

268

0

Ұлан-Батор қаласында (Моңғолия) бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатында Сыр боксшысы Азамат Бектас күміс жүлдеге ие болды.

18 жасар Жаңақорған ауданының тумасы Азамат 75 келі салмақ дəрежесінде сынға түсіп, жарыс барысында төрт кездесу өткізді.
Үш кездесуде қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, тек ақтық сында Өзбекстан спортшысына есе жіберіп алды.

Ол биылғы жылы Венгрия, Германия, Сербия жəне Ресейде өткен халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанған.

2 дүркін Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы.
Айта кетейік, бұл жас боксшының жастар арасындағы соңғы жарысы, келесі жылдан бастап ересектер арасындағы бəсекелерде өнер көрсететін болады.

А.Бектас Ж.Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледж студенті, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тəлім алады.

Жаттықтырушылары: Дінмұхаммед Абайхан жəне Сəбит Сейілов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<